$528.52 €539.14 ₽5.17
×

Астанада полиция қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды ұстады

AstanaTV
13.01.2025ж. 19:31
89
Астанада полиция қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды ұстады

Астанада полиция қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың басынан бері елорда полициясы бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдірудің 4 фактісін анықтады, ал өткен жылы 363 жағдай тіркелген болатын. Соңғы болып жатқан оқиғалар құқық бұзушылықтармен күрес мәселенің өзектілігін растайды. Мәселен, 27 жастағы елорда тұрғыны сол жағалаудағы тұрғын үйдің кіреберіс есігінің әйнегін қасақана сындырған. Полицейлер құқық бұзушының жеке басын жылдам анықтап, оны ұстады. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары кіреберісіндегі кафельді қасақана бүлдірген 34 жастағы азаматтың жеке басын анықтады. Сот шешімімен ол 15 күнге қамауға алынды.