Қызылордада мектеп мұғалімі кісі қолынан көз жұмды. Марқұм қаладағы Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектепте бастауыш сыныпқа жетекші болған. 38 жастағы келіншек тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды деген бейресми ақпарат бар. Марқұмның артында 2 баласы қалды.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.