Қостанайда полиция дәрігерге қарақшылық шабуыл жасалған қылмыстың бетін ашты, - деп хабарлайды polisia.kz.
Күдіктілердің бірі Қостанай тұрғынымен қылмыс жасағанға дейін таныс болған. Осыдан кейін олардың арасында жанжал болып, содан кейін күдікті таныстарын кек алуға шақырған.
Ол және оның екі серіктесі жәбірленушінің пәтерінде болған кезде оны ұрып-соғып, ойыншық тапанша мен пышақпен қорқытқан.
"Зорлық-зомбылықпен қорқытып, олар ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, телефон мен ақшаны қолды қылған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы - 1,5 миллион теңге", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанайда полицейлер екі күдіктіні анықтап, ұстады, үшінші күдікті Астанада тұтқындалды.