$530.24 €543.97 ₽5.16
×

Ақтөбеде кепілге алынған отбасыдан әйел ғана тірі қалды

AstanaTV
14.01.2025ж. 09:45
128
Ақтөбеде кепілге алынған отбасыдан әйел ғана тірі қалды

Ақтөбеде кепілге алынған 40 жастағы әйелдің анасы ауруханаға жеткізу кезінде, өгей әкесі отаға дайындау кезінде мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кеше түнде Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасына кепілге алынған үш адам жеткізілді. Қыздың жағдайы ауыр.

Дәрігерлер жағдайы ауыр деп бағаланған науқас туралы ақпарат бермеді. Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері ешқандай ақпарат бермеуге тапсырма түскенін хабарлады.

Полицияның соңғы мәліметіне сүйенсек, 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.

“Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды. Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады ПД.

Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлі адам қатаң жазаланатынын мәлімдеді.