$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Алтын пальма бұтағы" швед режиссеріне берілді

AstanaTV
29.05.2017ж. 20:00
4251
"Алтын пальма бұтағы" швед режиссеріне берілді

Францияда 70-ші Канн кинофестивалі мәресіне жетті. Биыл басты жүлде швед режиссері Рубен Остлундқа бұйырды. Қазылар алқасының шешімімен оның  "Квадрат" туындысы "Алтын пальма бұтағына" ие деп танылды.  Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды. Екінші орын француз кинематографтарында. "Минутына 120 соққы" драмасы 90-шы жылдары ВИЧ вирусын жұқтырғандардың тағдыры жайында сыр шертеді. София Копполаның режиссурасы да жоғары бағаланды. Оның "Қауіпті арбау" атты киносында басты рольді  Колин Фаррел сомдады. Ең үздік актер атағы Хоакин Феникске бұйырса, ең үздік актриса болып биыл Диана Крюгер танылды. Қазылар алқасының сыйлығы ресейлік "Нелюбовь" драмасына берілді. Мұнда Леша есімді жеткіншектің ата-анасының ажырасуынан кейін тартқан психологиялық ауыртапышылықтары суреттеледі.

Педро Альмадовар, қазылар алқасының президенті:

Біз бір-бірімізді естіп, бір байламға келуге тырыстық. Әрине, әр туындыдан әркім түрлі әсер алды. Десе де, ақылдаса келе, биылғы жеңімпаздарды таңдадық.