$520.27 €537.65 ₽5.24
×

"Әйелдің миы шайқалған, басы, денесі жарақаттанған": Ақтөбелік дәрігерлер тірі қалған әйелдің жағдайын айтты

14.01.2025ж. 20:00
242
"Әйелдің миы шайқалған, басы, денесі жарақаттанған": Ақтөбелік дәрігерлер тірі қалған әйелдің жағдайын айтты

Ақтөбеде белгісіз біреу жеке тұрғын үйге басып кіріп, үш адамды кепілге алды. Полиция департаментіне қоңырау түсе салысымен, жедел қызмет мамандары сол жерге жеткен. Келіссөздер үш сағатқа созылған. Бұл қылмыстық оқиғаға қатысты екі бап бойынша іс қозғалды. 

АБАЙ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Үш сағаттық келіссөзден кейін және күдікті кепілге алған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқан соң шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып кепілге алған әйел босталды. Оқиға болған жерде зерделеу барысында жер төледе пышақ жарақатымен екі егде жастағы ата-анасы табылды.

Өкінішке қарай, кепілде болған екі адам қайтыс болды. Қос қария да бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. Ал үшінші адам қазір ауруханада жатыр. 

АЗАМАТ ТҰРЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оның бас миы шайқалған. Сол басынан жарақат алған, бетінен жарақат алған. Кесілген сосын кровоподтектары бар. Сол келгеннен бастап реанимацияда жатқызылды. Сол жақтан ем тағайындалды.