$530.24 €543.97 ₽5.16
×

Колледждерде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін көбейеді

14.01.2025ж. 20:00
93
Колледждерде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін көбейеді

Биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға көп. Тапсырыстың 70%-і техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталады. 

Мемлекет басшысының жарлығымен биыл Жұмысшы мамандықтары жылы боп жарияланды. Осы орайда тоғызыншы сынып түлектері үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуға жағдай жасалмақ. Өйткені өңірлердегі кәсіпорындар мен зауыттарда маман жетіспейді. Әрі олардың тәжірибеден өтуі де аса маңызды.

АНАТОЛИЙ ФУРМАНЮК, ПЕТРОПАВЛ МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір бізде 1 мың студент білім алып жатыр, оның 400-і жұмысшы мамандықтары бойынша дуальді оқыту жүйесімен оқиды. Оның 60%-ы кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Біз мамандарды жұмыс берушілердің сұранысы бойынша дайындаймыз. Энергетика, машина жасау, теміржол және автомобиль көлігі сияқты салалар бойынша оқытамыз.

Елдегі өнеркәсіп кадрына 39 мың адам қажет. Онда 75 жаңа мамандық бар. 40 мамандық бизнес-процестерді автоматтандыру барысында өзгертілді. Осы жылы индустрияландыру картасының 190 жобасы пайдалануға беріліп, машина жасау саласы 8 жаңа мамандықпен толығады.

Қазір жұмысшы мамандар бізге ауадай қажет. Осылай деген кәсіпкерлер өндірісшілер мен білім берушілер Жұмысшы мамандықтары жылына ерекше мән беруі керегін айтты.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, "ЗЕНЧЕНКО ЖӘНЕ К" КС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Егер елімізді дамытқымыз келсе, оны мектептен бастау керек. Міне, біз үшін балаларға насихаттайтын нәрсе – еңбек. Президент міндет жүктеді: енді біз өндірісшілер мен білім берушілер осыған терең бойлауымыз керек. Себебі оның артында еліміздің болашағы тұр.

Елімізде дуальды оқыту жүйесі 284 колледжде қолданылады. Оған 700 өнеркәсіп орны қатысады. 13 мың жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды. Биыл білім мен өндіріс ошақтары арасындағы байланыс одан әрі нығаймақ.

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ КАДРҒА ҚАЖЕТТІЛІК - 39 МЫҢ АДАМ

75 ЖАҢА МАМАНДЫҚ

40 МАМАНДЫҚ ӨЗГЕРТІЛДІ

2025 ЖЫЛЫ

190 ЖОБАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ

МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫ - 8 ЖАҢА МАМАНДЫҚ