$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Жапонияның оңтүстік-батысында жойқын жер сілкінісі болды

14.01.2025ж. 20:00
396
Жапонияның оңтүстік-батысында жойқын жер сілкінісі болды

Жапонияның оңтүстік-батысында 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Оның күші Кюсю аралының жағалауында анық сезілді. Жер сілкінісінің ошағы су астында 30 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Зілзаладан кейін биіктігі бір метр болатын алғашқы цунами толқыны жағалауға жетті. Жапония билігі тұрғындарды теңізден және жағалаудан аулақ болуға шақырады.