$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Елордалық жастар жалғызбасты қарияның ауласын қардан тазалады

14.01.2025ж. 20:00
118
Елордалық жастар  жалғызбасты қарияның ауласын қардан тазалады

Елордалық жастар жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазалады. Тазалық жұмыстарына «АМАNАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері атсалысты. Денсаулығына байланысты қар тазалауға шамасы келмеген қария еріктілерге ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, жастар көмекке жиі келетін көрінеді. Ал жастар "қарттарға тұрақты қолдау мен көмек көрсету басты мақсатымыз" - дейді. "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында 2000-нан астам зейнеткерге қолдау көрсетілген. 

ТАТЬЯНА КАМАЛЬДИНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мұндай жұмыстарды істеуге шашам жетпейді. Астма ауруына шалдыққанмын. Ауыр жұмыс істесем бірден шаршап қаламын. Тазалық жұмыстарына көмектесіп жатқан еріктілерге алғысым шексіз. Олар қашанда көмек қолын созуға дайын. Осыған дейін қыста бірнеше рет келіп ауламды тазалаған болатын.