Бүгін Еуразия гуманитарлық институты колледжінің қабырғасында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен басқосу өтті. Колледждің оқытушылық құрамымен кездескен қалалық мәслихат депутаттары елбасы жолдауындағы экономика мен әлеуметтік саланы дамыту маңыздылығына тоқталды. Апта сайын түрлі саладағы ұжымдармен кездесу ұйымдастыруды жоспарға енгізген партия өкілдері мұндай бастама арқылы жолдауда көрсетілген бағыттарды барынша түсіндіруді көздейді.
Гайдар Қасенов, Астана қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:
Ұстаздар көптеген шараларға белсенді түрде қатысады. Сондықтан жолдауда басымдық берілген бағыттарды бір кісідей біледі. Талқылау барысында білім бағытына да тоқталдық. 2017 жылғы оқу маусымында басталатын тегін кәсіби техникалық білім беру жобасы басталады. Оқытушылық құрамның осы бағытқа байланысты сұрақтарына да жауап бердік.
Алма Әшірбеков, Еуразия гуманитарлық институты колледжінің директоры:
Ұстаздардың идеологиялық жұмыстарды жүргізуде алар орны ерекше. Елбасының ұсынған бағдарламаларын түсіндіру мақсатында түрлі шаралар өткізілді. Олардың қатарында елге еңбегі сіңген азаматтармен кездесу, арнайы тақырыпты қамтитын конференциялар бар. Біз болашақ ұстаздарды тәрбиелеп жатқандықтан, мұндай бастамалар қажет деп есептейміз.