$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Америкалықтар жаппай қытайлық желіге көшіп жатыр

AstanaTV
15.01.2025ж. 16:31
274
Америкалықтар жаппай қытайлық желіге көшіп жатыр

АҚШ азаматтары жаппай Xiaohongshu атты қытайлық әлеуметтік желіге көшіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.

Өзін "TikTok-тан көшіп келгендер" деп атайтын кейбір қолданушылар қытайлық қосымшаны балама санайды. Өйткені АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынуы мүмкін.

АҚШ Жоғарғы соты 19 қаңтарға дейін TikTok-ты қытайлық ByteDance компаниясынан ажыратуды міндеттейтін заң бойынша шешім қабылдауы керек. Егер бұл талап орындалмаса, ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша қосымшаға АҚШ-та тыйым салынуы мүмкін.

Судьялар заңды күшінде қалдыруға бейім деген болжамнан кейін, көптеген TikTok қолданушылары Xiaohongshu-да аккаунт аша бастады. Олар жазбаларында #tiktokrefugee және #tiktok хэштегтерін қолдануда.