$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Африка көгінде қазақтың домбырасы күмбірледі

Африка көгінде қазақтың домбырасы күмбірледі

Африка көгінде күй күмбірледі. Қазақстандық Әлібек Қайырбек - биіктігі 5 985 метр Килиманджаро тауының шыңына шығып, қазақтың аңызға айналған "Адай" күйін орындады. Бұл – оның алғашқы жетістігі емес. Былтыр ғана Еуропаның ең биік шыңы – Эльбруста күй орындаған болатын. 27 жастағы астаналық домбырашы "Әлемнің жеті шыңына" шығып, қазақтың күйлерін орындау арқылы ұлттық мәдениетті әлемге танытуды алдына мақсат етіпті.