$529.7 €545.96 ₽5.17
×

Жамбылда 8-сыныптың оқушысын ұрып өлтірген жасөспірімдер сотталды

15.01.2025ж. 20:00
86
Жамбылда 8-сыныптың оқушысын ұрып өлтірген жасөспірімдер сотталды

Жамбылда жасөспірімдер 8-сыныптың оқушысын ұрып өлтірген. Оқиға Құмжота ауылындағы Алтынсарин мектебінде болған. 14 жастағы Мирас Мәлікке жоғары сынып оқушылары даладағы әжетханада әлімжеттік жасаған. Бүгін күдікті деп танылған үш жасөспірімге сот үкімі шықты. Біреуіне ауырлығы орташа санаттағы қылмыс жасағаны үшін айып тағылғандықтан, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

ГҮЛМИРА ӘЛІМҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Екі сотталушыға қатысты 293-бабтың 2 б, 1тармағымен және де 106 бабтың 3 бөлігімен және де екеуінің біреуіне айдап салушы ретінде 28 бабтың 4 бөлімі қосымша тағайындалған болатын. Түпкілікті 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Мұнан бөлек сот жәбірленуші тарапқа 11 млн теңге өндіру туралы шешім шығарды. Алайда марқұмның ата-анасы онымен келіспейді. 

РАУШАН ҚҰДАСОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Изоляторда 2 ай үші ай отыра ма ол сол уақытысы 1 күні 2 күнге есептелінсін деді. Сонда ол 1 жыл 8 айын отырып қойды деген сөз. Сонда ол менің боздақ баламды өлтіреді да 4 жыл отырып шыға ма? Бұл қасақана адам өлтіру болып тұр ғой. Сонда 4 жыл отырады да шығады. Шағымданамыз аппелияция береміз. Бұдан жоғары инстанцияға береміз.