Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматы облысы Іле ауданының "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі келіп түскен.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің "Telegram" мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болды.
Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды.
Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді.
Сонымен қатар, 77,1 кг есірткі құралдар, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 «Тропикамид» көз тамшылары тәркіленді.