Техникалық мамандарға арналған тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңесте осылай деді. Жиында «Отбасы банкін» даму институтына айналдыру, саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері талқыланды. Сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар айтылды. Бірнеше ірі кәсіпорындағы жұмысшылардың тұрмысын жақсарту шаралары басталды. Былтыр елімізде рекордтық 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл -2023 жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға артық.