Тобыл өңірінде алимент төлемей жүргендердің қарызы 1,5 миллиард теңгеден асты.Тіпті кейбір борышкердің берешегі 24 миллионға жеткен.Былтыр алименттен жалтарған 91 адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Облыста 84 жеке сот орындаушы бар. Динара Тұрғанқызы бүгін бірнеше борышкердің тіркелген мекен-жайына барды. Бірақ ешқайсысы үйінде болмай шықты. Енді оларға іздеу жарияланады.
ДИНАРА ИСМҰХАМБЕТОВА, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ:
Борышкер алимент төлемесе берешекті өтеу есебінен одан автокөлік, пәтер немесе үйі алынып, жеке сот орындаушылар мәжбүрлеп сатуы мүмкін.
Облыс көлемінде он мыңға жуық адам өз еркімен алимент төлесе, тағы 3 мыңы сот орындаушылармен екі жақты келісім аясында қарызын өтеп жатыр.Ал екі мың адам алимент төлеуден жалтарып жүр.Олардың қарызы орта есеппен -6,8 миллион. Берешегі 24 миллионға жеткені де бар.
ҚАЙРАТ БАЙМҰХАНОВ, ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бір балаға 98 мың теңге көлемінде алимент төлеу керек бір адам.Алимент төлейтін адам 98 мыңды қайдан төлейді өзі жұмыс істемесе.
Былтыр 400 миллион теңге өндірілген.Жеке сот орындаушылар құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, апта сайын рейдтік шара ұйымдастырады.
ӘСЕЛ ӨТЕБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:
2024 жылы прокуратураның араласуымен 85 миллион теңгеден астам қарыз өндірілді. 80 борышкер әкімшілік , 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 10 сот орындаушысы тәртіптік жауапқа тартылды.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Жылан жылы басталғалы 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алиментті өндіру бағытындағы жұмыстарға айрықша басымдық беріліп отыр.Өйткені әрбір өндірілмей жатқан қарыздың артында жәутеңдеген жасөспірімнің қақы, тапталған құқығы тұр, дейді прокуратура өкілдері.