$529.65 €544.64 ₽5.16
×

Ақтауда полиция бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады

AstanaTV
16.01.2025ж. 22:03
56
Ақтауда полиция бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады

Ақтауда полиция бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады - деп хабарлайды Polisia.kz.

"16 қаңтар сағат 04:15 шамасында полицияға Ақтау қаласының 33-шағын ауданында орналасқан №33 мектепте бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен облыстық полиция департаментінің кинологтары мен полиция қызметкерлері мектеп ғимараты мен оның айналасын мұқият тексеріп, қауіпті заттардың бар-жоғын анықтады", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 30 жастағы бұрын бірнеше рет сотталған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр. Полиция жалған хабарламалар төтенше қызметтерді негізсіз алаңдатып, қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ауыр құқықбұзушылық екенін еске салады.