Метеориттің Жерге құлау сәтіндегі дыбысы алғаш рет таспаға жазылды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл сәт Канададағы тұрғын үйлердің біріне орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған. Бейнебақылау камерасына жазылған дыбыс арнайы мамандарға тапсырылды.
Сондай-ақ метеорит қалдықтары арнайы зертханада талданды. Зерттеушілер оның ғарыштық тастардың бір түрі екенін растады.
Олар бұл талдауды: «Ғылым үшін жаңалық болды», - дейді.