$529.65 €544.64 ₽5.16
×

Өзбекстан АИ-80 маркалы бензиннен бас тартпақ

AstanaTV
17.01.2025ж. 07:30
79
Өзбекстан АИ-80 маркалы бензиннен бас тартпақ

Өзбекстан жыл соңына дейін АИ-80 маркалы бензинді пайдаланудан бас тартады. Сондай-ақ елдегі жылу және электр қуатын өндіретін кәсіпорындарда мазутты отын ретінде пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Тиісті бағдарлама жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Халықаралық және отандық табиғат қорғау белсенділері мен қарапайым тұрғындардың ұсынысы ескеріледі. 2025 жылдың соңына қарай Евро-4 стандартынан төмен жанармайды пайдалану мен сатуды шектеу үшін барлық ресурс жұмылдырылады. Бұл үшін мұнай-химия өнеркәсібін жаңғырту қолға алынбақ. Айта кетейік, көрші елде көлік атаулы негізінен сұйытылған газды пайдаланады. Бензинмен жүретіндер де жоқ емес. АИ-80 маркалы жанармайдың литрі біздің ақшаға шаққанда шамамен 300 теңгеден асады.

Бахром Эсанов, Өзбекстан Экология министрлігінің бас маманы:

АИ-80 маркалы бензин жағатын көліктерден ауаға өте көп мөлшерде зиянды қалдықтар таралатыны түсінікті. Дамыған елдердің Еуро-4-тен төмен жанармай пайдалануды тоқтатқанына 20 жылға таяу уақыт өтті. Сапасыз бензиннен бас тартсақ, ауаның тазаруына мол септігі тиері сөзсіз.