$529.65 €544.64 ₽5.16
×

Газа секторындағы уақытша бітімге қол қою кейінге қалдырылды

AstanaTV
17.01.2025ж. 09:42
123
Газа секторындағы уақытша бітімге қол қою кейінге қалдырылды

Газа секторындағы уақытша бітімге қол қою кейінге қалдырылды.Оған себеп ретінде ХАМАС-тың келісімнің кейбір шарттарын орындамағаны айтылды. 

Алайда ХАМАС бұл айыптауларды жоққа шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Израиль ХАМАС-ты нақты қандай шарттардан бас тартты деп айыптағаны туралы ақпарат жоқ. "Моссад" басшысы Давид Барнеа бастаған Израиль делегациясы Дохада келіссөздерді жалғастырып жатыр. Делегацияның келісім бермейінше, тар әскери кабинет пен министрлер кабинеті дауыс беруді бастамайды.

Үш кезеңнен тұратын келісім жексенбіде іске қосылуы тиіс, алайда оның көптеген егжей-тегжейі мен мерзімдері әлі анық емес. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху барлық мәселелер толық келісілмейінше пікір білдірмейтінін айтты.

Келісім жасалғаны туралы ақпарат сәрсенбі кешінде тараған болатын. Сонымен қатар, Израиль бейсенбіге қараған түні Газа секторына әуе шабуылдарын жалғастырды. Шабуылдан ондаған адамның қаза тапқаны хабарланды.Соңғы келіссөздер Қатарда өтті. Қатар - Мысыр және АҚШ-пен бірге бұл келісімдегі негізгі делдал.