$530.12 €546.08 ₽5.17
×

Оқ жарақатын алған: Жетісу облысында 18 жастағы сарбаз қаза тапты

AstanaTV
17.01.2025ж. 17:10
91
Оқ жарақатын алған: Жетісу облысында 18 жастағы сарбаз қаза тапты

Жетісу облысындағы әскери бөлімде 18 жастағы сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығулары өткен. Жауынгерлік дайындықта сарбаз қарумен жұмыс істеу ережесін бұзып, оқ жарақатын алған. Алайда азаматты аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қазір қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қызмет барысында сарбаз өзін оң жағынан көрсетті. Әскери бөлім қолбасшылығына қандай да бір арыз, шағым айтқан емес. Қызметтік міндеттерін толық көлемде орындады", - делінген ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарламасында.