$530.12 €546.08 ₽5.17
×

Қытай халқының саны азайып жатыр

AstanaTV
17.01.2025ж. 23:58
58
Қытай халқының саны азайып жатыр

2024 жылы Қытай халқының саны 1,39 миллионға азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анадолы агенттігінің жазуынша, 2023 жылы Аспан асты елінің халқының саны 1 млрд 409 млн 670 мың болған. Былтыр бұл көрсеткіш 1 млрд 408 млн 280 мыңды құрады.

Былтыр елде 9,54 миллион бала дүниеге келді. Бұл 2023 жылға қарағанда 5,7%-ға артық. 10,93 миллион адам қайтыс болды.

Еңбек жасындағы адамдардың саны – 857,98 миллион. 65 жастан асқан халықтың саны 310,31 миллион адамды құрайды.

Қалада тұратындардың саны 10,83 миллионға өсіп, 943,50 миллионға жетті. Ауыл халқының үлесі – 464,78 миллион.

Сарапшылардың айтуынша, ұзақ мерзімді демографиялық болжам бойынша Қытай халқы қартайып, жұмыс күшінің үлесі біртіндеп азаймақ. Бұл елдің еңбек әлеуетінің төмендеуіне әкеліп, экономикаға әсер етуі мүмкін.