Қызылордада «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасының 91,4 проценті орындалған. Оны партияның облыстық филиалының төрағасы өткізген брифингте айтты. Өңірде 15 елдімекен табиғи газға қосылып, көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 78 процентке жеткен. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету де өңірде қарқынды жүргізілуде. Бір жылдың ішінде 866 мың шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілген. Аймақта партиялық бақылау комиссиясы да жүйелі жұмыс істеуде. Құрылыс кезінде проблемалар туындаған 76 нысанға бақылау бекеті орнатылған. Нәтижесінде соның 60-ы пайдалануға берілді. Одан бөлек қоғамдық қабылдау бөлмелері бар. Оған 7 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Дені шешімін тапты.
АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бізде Кеңестер мен комиссиялар жұмыс жасайды. Кеңестерде нақты нақты түйткілді мәселелерді көтеріп жатырмыз. Жалпы барлық кеңестердің жұмысы партияның сайлауалды бағдарламаларының орныдалуына жүйелі бақылау мен бюджет қаражатын тиімді ашық жұмсаулуына кеңестер түрлі мәселелер бойынша нақты практикалық шешімдерді әзірлейтін диалог алаңына айналды.