$520.27 €537.65 ₽5.24
×

"Бұл іс "Адам өлтіру" бабымен тергелуі керек",-марқұмның туыстары

17.01.2025ж. 20:00
444
"Бұл іс "Адам өлтіру" бабымен тергелуі керек",-марқұмның туыстары

Ақтөбелік жасөспірім Нұржан Сыдық мектеп оқушыларының қолынан қаза тапты. Баланың өліміне қатысты 6 күдікті қамауға алынған. Алайда, марқұмның туыстары іс бойынша баптың ауысып кеткенін айтып шағымданды. Олар қылмыстық істің әділ тергелуін сұрайды. 

АЯЖАН СЫДЫҚОВА, МАРҚҰМНЫҢ АПАСЫ:

Оқиға орнында Нұржанды қосқанда 19 адам болды. Басында ұсталғандар саны үшеу болып, содан кейін алтыға жетті. Тергеу іс –амалдары өз мәресіне жетіп,сотқа іс беріледі деп күтіп отырған кезде бір ай уақыт қалды. Біз кеше естиміз.Бұл істің бабы қайтадан 106 бап үшінші тармаққа ауысқанын. Біз келіспейміз. Бұл жерде менің інім Нұржан қаза тауып тұр.

Еске салсақ, былтыр 2 қыркүйекте Темір ауданы Қопа ауылында 14 жастағы Нұржанды бір топ жоғары сынып оқушысы жабылып ұрып, әлімжеттік көрсеткен. Жасөспірім ауыр жарақаттан көз жұмды. Қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Қылмыстық істі еліміздің бас прокуроры жеке бақылауына алды. Мектеп директоры қызметінен кетті. 

ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қылмыстық істі 99 баптың 2 бөлігімен кісі өлтіру 106 бап үшінші бөлігімен адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша қайта саралау туралы іс жүргізу шешімі қабылданды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, процесске қатысушылар іспен танысу жүріп жатыр. Танысқаннан кейін қылмыстық іс заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.