Жамбылда балабақша тәрбиешісін айуандықпен өлтіріп, артынша өртеп жіберген. Жантүршігерлік жағдай Жаңатас қаласында болған. «Айгөлек» балабақшасының қызметкері баласының оқу ақысын төлеу үшін таңертең Тараз қаласына жолға шыққан көрінеді. Түс ауа жолдасы әйеліне хабарласқанда телефоны өшірулі болыпты. Оқу орнына хабарласып, келмегенін білген соң полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қала сыртындағы екі шақырым жерден әйелдің мәйітін тапты. Күдікті қылмысын жасыру үшін өлі денені өртеп жіберген көрінеді. Бұған қатысты кісі өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні тұтқындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алды. Қазіргі уақытта осы іске қатысты тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті жедел- тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.