Елімізде былтыр сыбайлас жемқорлыққа жол берген 1493 адам ұсталды. Пара бергендердің 914-і сотталған. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали айтты. Агенттік 2022 жылдан бері мемлекетке 1,12 триллион теңгеге бағаланған мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткен. Былтыр 486 миллиард теңгеден аса мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған. Кездесуде Мемлекет басшысы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.