$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Ақтөбеде жүздеген үлескер ақшасын төлеп, пәтерлерін ала алмай жүр

17.01.2025ж. 20:00
136
Ақтөбеде жүздеген үлескер ақшасын төлеп, пәтерлерін ала алмай жүр

Ақтөбеде құрылыс компаниясына бар жиған-тергенін салған жүздеген адам үш жылдан бері пәтерін ала алмай сандалып жүр. Тұрғын үй бой көтеріп, дайын тұр. Бірақ осы уақытқа дейін жұрт баспаналарына кірмеген. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Бақыт Қазанғапқызы білді. 

Бұл -«Қазына премиум» деген әдемі атауы бар тұрғын үй кешенінің үлескерлері. Бүгін облыстық әкімдікке араша сұрап келді. Айтуларынша , 2021 жылы осы тұрғын үйден пәтер аламыз деп миллиондаған ақша төлеген. Дені үй құнының сексен пайызын беріп қойған.

ГАУХАР ТӘЖІҒҰЛОВА, ҮЛЕСКЕР:

Енді 2022 жылы тапсырылуы керек үй ғой. Үш жылдан астам уақыт болды. Біздің жанайқайымызды естісе екен дейміз. Өйткені, қаншама адам пәтер жалдап жүр. Ақшасын үш жыл бұрын осы үйге салып, өз пәтерлерін сатып пәтер жалдап жүрген адамдар бар.

Бес қабатты екі корпусты үйлер келісімшарт бойынша 2022 жылы тапсырылуы тиіс болған. 2023 жылы бірінші корпусындағыларға кілт берілген. Бірақ үйдің құжаттары әлі дайын емес. Бірақ, тұғындар коммуналдық төлемдерді заңды тұлға ретіңде төлеп отыр.

ДУЛАТ БОРАНТАЕВ, ҮЛЕСКЕР:

Суды, басқаны юрлицомен төлеп жатырмыз. Жастар құрылыстың атынан төлеп жатырмыз. Біздер техпаспорт алмағандықтан, типа не законно живем. Гаск, акимат адамдары біздің 1 корпусты 2022, 23 жылы беріп тастаған уже. Техпаспортты неге бермей жатқаны белгісіз.

Былтыр үлескерлер құрылыс компаниясы үстінен полицияға шағымданған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Құрылыс компаниясы өкілінің айтуынша, екі тұрғын үй де салынған. Тек ауласын абаттандыру жұмыстары бітпей, тұрғындарға кілт тапсырудың кешіктіріліп жатқанын жеткізді.

ГҮЛВИРА СҮНДЕТБАЕВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

Пусконаладочные работы газ бойынша қалай қол қойылады, сосын мен хабарлама беремін. Келіп кілттерді алу керек. Кілттерді алған кезде ремонт жасайды. Қалған ақшаларын өтеу керек.

Ал әкімдіктегілер бұл тұрғын үйлер толық аяқталмағандықтан пайдалануға берілмей тұр дейді.

СЕРІК ӘБДІРЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ- ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Қазына премиум» тұрғындары арызы бойынша қазіргі таңда үй екі корпусқа бөлінген. Бірінші, екінші корпус. Бірінші корпус 2022 жылдың қазан, қараша айларында енгізілді. Екінші корпус әлі тапсырыс берілген жоқ. Пайдалануға берілген жоқ. Екі үй толық салынғаннан кейін благоустроиствосы енгізіліп, толық пайдалануға беріледі.

Яғни, үлескерлердің күтуден басқа амалы жоқ.