$514.94 €583.74 ₽6.13
×

Ерте үйленген дұрыс па?

17.01.2025ж. 20:00
343
Ерте үйленген дұрыс па?

Елімізде шаңырақ көтеретіндер 6 процентке азайған. Бала туу көрсеткіші де төмендепті. Дегенмен, ажырасу сиреді дейді мамандар. Жалпы ерте үйленген дұрыс па, әлде бұрыс па? Мәселені тілшілеріміз таразылады. Сюжет көрейік. 

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК ТІЛШІ:

Жақсы көретін қызым бар, уақыты келіп тұрғанда үйлене берейін бе? Не істесем екен?
- Әрине, Еркелді, жасың келді, үйлен
- Қойшы, ерте үйленіп не істейсің, жағдайыңды жасап ал
- Айдана, баланың ойын бұзбасай ерте үйленгеннің несі жаман?
- Біріншіден ерте үйленіп соңында тұра алмай ажырасатындар көп. Екіншіден материалдық жағдайды жақсартып алу керек. Ақыл тоқтатып, 30-дан асқанда үйленсең де үлгересің.
- Жо-жоқ, келіспеймін. Жастай үйленсең жарыңмен аяққа бірге тұрасың, балаң өзіңмен қатар өседі. Немере, тіпті, шөбереңді де ерте сүйесің. Айдана не десең де мен үшін ерте үйленген дұрыс.

Шынымен ерте үйленген ерлік пе, еркелік пе? Жұрттың пікірін білдік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Негізі тұрмыс құруға қатты асықпаймын. Бірінші өзім аяққа тұрып алуым керек. Өзім-өзіме қашан сенімді боламын сол кезде ғана.
- Қазіргі заманда бәрі ақша ойлайды, үй ойлайды, машина ойлайды, жұмыс ойлайды содан кейін барып үйленгенді жақсы көреді. 40-келіп үйленгеннен не пайда?
- Ерте үйленген балалар жас қой. Орнығып білім алып, содан кейін можно.

Психологтар ерте шаңырақ көтергенді құптамайды. Айтуынша, отбасылық жанжал екі жастың түсініспеушІлігігнен басталады. Оған қоса материалдық тұрақсыздық та ықпал етеді. Соңы айрылысуға әкелуі мүмкін –дейді.

ДАНА ТОҚТАСЫНОВА, ПСИХОЛОГ:

Әйел адамдар мен жас болдым ба? Мен ол кезде көп нәрсені білмедім дейді. Мен адам танымадым деп айтып жатады. Кейбіреулер айтады менің ата-анам мәжбүрлеген отбасыға шұғуға мәжбүрледі дейді. 21 ғасырда көпшілігі мамандықта белгілі бір жетістікке жеткісі келеді.

Әйтсе де, елімізде ажырасу көрсеткіші 14 пайызға төмендеген. Шаңырақ көтеретіндердің орта жасы - 30.

АҚНҰР ИМАНҚҰЛ, ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Көбінесе жастар қазір алдағы отыз жылдағының бас жағын саяхаттауға, дамуға, оқуға жұмсайды. Отбасына, некеге деген рационалды көзқараспен де байланысты. Жастар неке құрар алдында өздерінің жағдайларын жасап, берекелі отбасын құруға ұмтылады.

Демографтар кеш үйленгеннің кесірінен елімізде туу көрсеткіші көңіл көншітпейді дейді. Себебі 30-дан асқан әйелдердің ана болу қабілеті төмен.

ШЫНАР ТӨЛЕШОВА, ДЕМОГРАФ:

Жас дені сау ұрпақты дүниеге әкелу үшін қыз балалар үшін, мысалы жақсы жас бұл 25 ке дейін тұрмыс құрып, соған дейін кемінде, бірінші баланы дүниеге әкелген жақсы бұл.

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Айдана, қысқасы ерте тұрмысқа шығып, жанұяның ұйытқысы, адал жар атанып, ана бақытын сезіну керек.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Жарайды, көрерміз. Бірақ, әркімнің өз пікірі бар.