Павлодарда былтыр қысқы сырғанақтан құлап, 40 бала жарақат алған. Көпшілігі қол, аяғы мен иығын сындырыпты. Мамандар бұған баланың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп - дейді. Сондықтан ата-ана қарауынсыз сырғанаққа жібермеуді сұрайды. Өңірлердегі мұз алаңдары мен демалыс орындарында қауіпсіздік қалай сақталады? Тілшілеріміз біліп келді.
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Павлодарда дәл осындай 6 сырғанақ алаңы жасалынған. Мұнда балалардан бөлек үлкендердің де сырғанауына болады. Алайда, қауіпсіздікті ұмытпаған абзал.
Өткен жылы 40 бала сырғанақтан құлап, аяқ қолын сындырған. Биыл да үш-төрт бала дәрігерлер көмегіне жүгініпті. Көпшілігі сырғанау кезінде құлаған.
НҰРСҰЛТАН МҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Қол сындырған балалар болды. Аяқ сындырған балалар бізге түседі. Гипс жасаймыз, фикцатся жасаймыз керек кезде. Бізде жатады бір жұмадай. основном балалар қолға құлайды.
Сырғанақтардың қауіпсіздігіне тұрғындардың көңілі толмайды. Әсіресе, сырғанау алаңына қоршау қойылмауы қауіпті - дейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қазір қорқам анда балаларды апаруға. Өйткені, анда бірдеңе болып алса трамва алып қалса деген сияқты.
- Мұзға баспен тиіп, аунап кетсе, қайғылы жағдай ғой. Сондықтан сетка қойғаны дұрыс болар еді.
Сырғанақтардың қауіпсіздігіне жергілікті әкімдіктер жауапты. Айтуларынша, мамандар күн сайын бақылау жүргізеді. Сынған, қираған жерді қалпына келтіреді. Қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
ӘСЕТ ӘБІЛТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Балалар сырғанақ алаңына ата-аналарымен бірге келуі керек. 16 жастан асқан балаларға ғана жеке келуге рұқсат. Біздің мамандар сырғанауға келген балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сырғанақ алаңына да ақпараттық тақтайшалар іліп қойдық.
ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Сырғанақ- балалардың ең сүйікті ойыны. Бізде бала күнімізді еске алып, сырғанақтың қауіпсіздігін тексеріп көрмекпіз. Ал кеттік. Биіктен сырғанудың өзі бір ғанибет. Мен кезекті әрі қарай алматылық әріптесіме беремін, әсем қалада біздікіндей жасанды сырғанақтар жоқ әрине. Бірақ,тау бөктерлерінде қыс қызығына бөлейтін арнайы орындар бар, ондағы қауіпсіздік мәселесі туралы Айдана Шалқар айтады.
АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:
Алматыда да қыс басталғалы тау жоталарындағы сырғанақтардың дәурені жүріп тұр. Қалың қар түскелі, тұрғындар осындай демалыс орындарын ермек етеді. Қазір биіктігі 200 метр сырғанақ алаңына келдік. Бұл-мегаполистегі ең жоғары жота.
Демалыс орнындағы қауіпсіздік күніне 3 рет тексерілетін көрінеді. Тежеуіш аймағы -20 метр. Ережеге сәйкес, сырғанаушының салмағы 100 келіден аспауы тиіс. Бір баллонға екі адам отыруға тыйым салынған.
ДАРЫН ИМАХАНОВ, ШАР ШАҢҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл жерде сырғанақтарды қауіпсіз тежейтін арнайы геотекстильді материал төселген. Әртүрлі адам келеді, әрине. Ережелерге бағынбай, шектен шығатын демалушылар да болады. Талапқа сай сырғанамай, бір адам құлады. Бірақ ауыр жарақат алған жоқ. Нұсқаулықпен танысса да, оны орындамай, дөрекілік танытатын жандардың қауіпсіздігіне әрине біз жауапкершілік ала алмаймыз.
Мұнда жұмыс күндері 100-ге тарта адам келсе, сенбі-жексенбіде 1000-нан аса демалушы ұзын-сонар кезекке тұрады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін әр жолаққа екі оператор бекітілген.
ГҮЛНАЗ ЖҰМАҚАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Көп жерлерде қауіпсіздік белгілері сақталмайды. Жолдары дұрыс жасалмайды. Сол үшін мен ойын алаңдарын өте қатты таңдаймын. Өйткені бұрын мен дұрыс емес жасалған жерге барып, қатты алысқа кетіп қалып, солай өзім старадать еткем.
Дәрігерлердің айтуынша, сырғанақ салдарынан жарақат алғандар саны былтырға қарағанда көбейген. Басым көпшілігі – жеткіншектер.
АСҚАР РИЗВАНОВ, ХИРУРГ:
Көбінесе қолдарын сындырады, аяқтарын сындырады. Бас жарақаттарымен түсіп жатады. Сотресение алады балалар. Бізде күнделікті 100 бала келіп қаралатын болса осы қыс мезгілінде, қол аяғын сындырып сырғанақ теуіп жүріп құлап келетін балалардың саны 20-30 бала болады күнделікті.
АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:
Соңғы үш айда балалар хирургиясының жарақат бөліміне 13 мың жеткіншек түскен. Соның 3000-ы мұз сырғанақтарынан зардап шеккен. Көңіл көтеремін деп майып болғандар көп.