Израиль мен «Хамас» атысты тоқтатуға келісті, - деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.
Келісім жасалғанын Израиль билігі мен «Хамас» өкілдері де растады. Құжат қаңтардың 19-нан бастап күшіне енуі тиіс.
Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, енді «Хамас» кепілдіктегі 33 израильдікті босатады. Ал Израиль «Хамас»-пен байланысы бар және израильдіктерге шабуыл жасады деп тұтқындалған палестиналықтарды түрмеден шығаруы тиіс.
Келісім бойынша атысты тоқтату мерзімі 6 аптаға созылады. Израиль әскері Газа секторынан шығарылады.