Алматыда өнер мұражайының құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайғылы оқиға әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан жаңа өнер мұражайының құрылыс алаңында болған.
51 жастағы жұмысшы биіктен құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлер оқиға орнына полиция мен жедел жәрдемнің келгенін видеоға түсіріп алған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.