Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, жазушы Қази Данабаевты еске алу шарасы өтті. Шара аясында қаладағы көшелердің біріне марқұмның есімі беріліп, ескерткіш тақтасы орнатылды. Тарихи шараға қазақ әдебиетінің бірқатар жанашырлары қатысты. Жиналғандар Қази Данабаевтың журналистік еңбектерін, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, азаматтық болмысын әңгімеледі. Оның «Шоңтөбе. Шотай. Балдаурен» повесі 1988 жылы республикалық «Жалын» журналы жариялаған жабық бәйгесінде жүлде алған. «Сағыныш екен бала кез», «Нартұлға», «Достарым менің, достарым» секілді кітаптары әр кезеңдерде жарық көріп, оқырман жүрегінің төрінде орын тапқан. Одан бөлек «Ұлан» газетіне, «Ақ желкен» журналына жарияланған әңгімелері қазақ балалар әдебиетінің қоржынын толтырды. Ақын Фариза Оңғарсыновамен, Хасен Оралтаймен болған шығармашылық байланысы жазушының прозадағы қарымын күшейтті.
Жұмабай Шаштайұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы:
Алматыдан,
орталықтан алыс тұрып, әдеби ағымдарды өте жақсы меңгерген азамат еді. Қазір
қарап отырсам, жазғандарын, ой қорытқандарын шолып қарасаң, сол өте ескірмеген, қанша уақыт өтсе де, өмірдің құбылыстарын жалпы адам образына, соның өмір
құбылыстарын адам бейнесі арқылы ашып, бүгінгі тыныспен үндесіп отырғанына
қатты сүйсінесің.