$530.12 €546.08 ₽5.17
×

Қарағандыда жылқы қырылып жатыр

AstanaTV
19.01.2025ж. 12:31
72
Қарағандыда жылқы қырылып жатыр

Жылқының қырылуы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының үш ауылында тіркелді. Эпизоотиялық лимфангит дертінен соңғы екі жыл ішінде 300-ден астам жылқы қырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Карантиндік аймақта Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотикалық ауруларға қарсы республикалық жасағының мамандары жұмыс істеуде. Олардың міндеті – бес күнде бір рет ірі жылқы үйірлерін айналып өтіп, клиникалық расталған ауруы бар жануарларды оқшаулау. Әр он бес күн сайын ат қораларда дезинфекция жасау. Біз бұл жұмыстардың барысын бақылап отырмыз», — деп түсіндірді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басқармасының басшысы Дархан Иманбаев. 

Төрткөл ауылының тұрғыны Мәдениет Жұмаділдәнің 20 жылқысы қырылып қалған. Фермер шығынға батқанын айтып шағымдануда.

«Өткен жылы 10 бас қырылды. Биыл тағы он жылқымнан айырылдым. Әлі де кейбір жылқыларым ауырып жатыр. Оларды емдеу және үнемі күтім жасау керек. Бұл қаншама шығын. Бірақ басқа амал жоқ. Әйтпесе, барлық үйірімізден айырылып қаламыз», — дейді ол.