$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Арақтан уланып қайтыс болғандар саны 38-ге жетті

AstanaTV
20.01.2025ж. 12:32
260
Арақтан уланып қайтыс болғандар саны 38-ге жетті

Стамбұлда соңғы 1 аптада қолдан жасалған спирттік ішімдіктен уланған 38 адам қайтыс болды. Тағы 48 адам түрлі ауруханада жатыр.

Дәрігерлер олардың 29-ның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Қайтыс болғандардың көпшілігі Өзбекстан мен Түркіменстан азаматтары. Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта алкогольді ішімдіктерді қолдан жасайтын жасырын цех пен дүкен көбейіп кеткенін айтады.

Бір айдың ішінде осындай 64 орын анықталып, жабылған.

Алкоголь өнімдерін жасаған және сатқан деген күдікпен 11 адам ұсталды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.