Оңтүстік Қазақстанда төрт бірдей құқық қорғау органы қызметкері екі айға сот санкциясымен қамауға алынды. Олар «қызмет бабын пайдалана отырып есірткі затын сақтап, иемденген және тасымалдаған» деген күдікке іліккен. Шымкенттегі Әл-фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстанның ақпарына сүйенсек, барлығы да Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері. Екеуі бастықтың орынбасары. Үшінші тұлға жедел уәкіл қызметін атқарса, төртіншісі - учаскелік инспектор. Соңғысы «пара алды» деп айыпталған. Олардың қылмыстары дәлелденсе, 10 жылдан 15 жыл мерзімге дейін жаза арқалауы мүмкін.
Ғани Байарыстан, Шымкент қаласы Әл-фараби аудандық сотының судьясы:
Үш
қызметкер де лауазымды тұлға болып танылады және қызмет бабын пайдалана отырып
есірткі затын сақтаған, иемденген, тасымалдаған деген осындай айып тағылып отыр. Аталған
азаматтардың сараланған іс-әрекеттері «аса ауыр қылмыс» болып саналады, үшеуіне
қатысты. Ал бір қызметкерге қатысты учаскелік инспекторге ол кісінің әрекеті
«ауыр қылмыс» санатына жататын қылмыс жасады деп сараланып отыр.