$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қажылыққа баратындар вакцина алуға міндеттелді

AstanaTV
20.01.2025ж. 14:26
282
Қажылыққа баратындар вакцина алуға міндеттелді

Қажылыққа баруды жоспарлап жүргендер бұдан былай вакцинация алуға міндетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясында жаңа шарт 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асады. Енді қажылыққа барушылар менингококкты менингитке қарсы вакцинация алуы керек.

Вакцинация кем дегенде 10 күн бұрын жасалуы керек. Полисахаридті вакцина 3 жыл, конъюгацияланған вакцина 5 жыл жарамды.

Ал 1 жасқа дейінгі балалардан вакцина талап етілмейді.