Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бала 2009 жылы дүниеге келгені және 16 жаста екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дереккөздің мәліметінше, бала үйінің жанында асылып өлген. Оның не себепті мұндай қадамға барғаны туралы әзірше ештеңе белгісіз.
Технические характеристики BMW XM
Перейти
Алдын ала мәлімет бойынша, ол Медеу ауданындағы мектептердің бірінде оқыған.
Алматы полициясы бұл ақпаратты растады.
"Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.