Атырауда жасөспірім тізгіндеген көлік жол апатына түсіп, 15 жастағы жолаушы сол жерде қаза тапты. Қайғылы жағдай Атырау-Дамбы тас жолында болды. ВАЗ 2170 көлігі мен Тайота Камри маркалы автокөліктері соқтығысқан. Қазір туысының көлігін басқарған 17 жастағы жасөспірім мен қасындағы тағы бір жолаушы облыстық балалар ауруханасында жатыр.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
ВАЗ 2170 автокөлігінің 2009 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Және жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда жол апатына қатысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.