Қостанайда 4 адамнан метапневмовирус анықталды. Респираторлық вирустық инфекцияның өзге де түрлері өңірде өршіп тұр. Жыл басталғалы 5484 жағдай тіркелді дейді мамандар. Тұмау жұқтырғандардың тең жартысы -жасөспірімдер. Ал метапневмовирусты жиырма күнде 4 адам жұқтырған. Вирустың алғашқы белгілері білінгенде дереу дәрігерге жүгіну керек. Өйткені инфекция асқынып,өкпенің қабынуына әкеп соғуы мүмкін.