Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық тазалық шарасы өтті. Оған қала әкімінен бастап, әкімдік қызметкерлері, шаһар тұрғындары, жалпы 500-дей адам жұмыла қатысты. Саябақтар мен алаңдар, арық-атыздар мен көшелер қоқыстан тазартылды. Әрбір қала тұрғыны «Тазалық - денсаулық кепілі» екенін ұғынып, әр адам өз ауласын таза ұстауы қажет. Шараға атсалысқандар осылай дейді.
ҚЫДЫРӘЛІ РЫСБЕК, ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Президентіміздің осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қойғандағы мақсаты экологиялық тазалықпен қатар әрбір жанның жан тазалығы болса деген мақтсат ау деп ойлаймын. Егер де әрбір жанның жан тазалығы болатын болса ол адамның өзінің отанына деген, халқына деген, ұлтына деген махаббаты зор болады. Сол кезде біздің Қазақстанымыздың болашағы жарқын болады.