Жаңа туған нәресте сатылды. Сұмдық жағдай Ақтөбедегі облыстық перзентханада тіркелген. Бала сату фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Барлық мән-жайды және қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда.
Оқиға өткен жылдың тамыз айында орын алған. Жас ана сәбиін босанғаннан кейін, баласын өзге ата-анаға берген көрінеді. Бала саудасына перзентхананың да қатысы бар деген күдік бар. Перзентхана басшылығы мен дәрігерлері тергеліп жатыр. Сәбиді сатып алушыны дәрігерлер тауып берген деген болжам бар.