$527.58 €546.15 ₽5.29
×

«AMANAT» партиясының өкілдері Алматы облысында сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексерді

20.01.2025ж. 20:00
92
«AMANAT» партиясының өкілдері Алматы облысында сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексерді

«AMANAT» партиясының өкілдері Алматы облысында сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Тексеру барысында бірқатар кемшілік анықталды. Миллиардтап қаржы бөлінсе де, кей нысандардың құрылысы бітпей тұр. 

Өтеген Батыр ауылында 400 орындық Мәдениет үйі салынып жатыр. Басталғанына 3 жылға жуық уақыт болса да, тиісті жұмыстың жартысы ғана біткен. Мәжіліс депутаты, комитет төрағасы Павел Казанцевтің айтуынша, жоспарлаудағы қателіктер көптеген нысандардың қаржыландырылмауына әкелген. Ал мәслихаттар кез келген өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдауға қабілетті.

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Нысандардағы туындаған мәселелер мемлекеттік органдардың, тапсырыс берушілердің және мердігерлердің қатысуымен сұрау салу, ресми хаттар және жиналыстар арқылы жедел қаралуы тиіс. Алайда қазіргі жағдай ондай емес. Кейбір депутаттар өздеріне бекітілген нысандарға мүлдем бармайды, жұмыстардың барысына қызығушылық танытпайды, кейде тіпті қай нысанның бақылауға алынғанын білмейді.

Партия өкілдері Нұра ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен де танысты. 2023 жылдың маусымында басталған жоба былтыр мамырда аяқталуы тиіс еді. Алайда алдын ала құрылыс жоспарлары құрылмағандықтан күні бүгінге дейін аяқсыз жатыр. Мәселені шешу мақсатында құжаттарға өзгерту енгізіліп, нысанды биыл қазан айына дейін тапсыру міндеттелді.

МАЙРА АЙСИНА, «AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бет жүзге қарамай, Маке Жакеге қарамай әйтеуір халыққа біздің депутаттар болсын, “AMANAT” партиясының партиялас азаматтар болсын осы жұмысқа келді ма, халыққа еңбек жасаймыз деді ма, соны жасау керек сондықтан біз сол жағдайдың бәріне тек қана мынау халықтың алдында жауап берер кезде ғана тірілмей, жұмыстың бәрін жүйелі түрде өткізу керек деп санаймыз.

Бақылау жұмыстары аяқталған соң, мәселелерді талқылау үшін облыс әкімінің қатысуымен жиын өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша комитет мүшелері облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауалды бағдарламаның жекелеген тармақтарын сақтамағаны және оларды жүзеге асыруға жеткілікті бақылау жүргізбегені үшін партиялық жауапкершілігін қарастыру туралы шешім қабылдады.