Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желісінде жариялады. Мемлекет басшысы хатта жазушысы, драматург, қоғам қайраткерінің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатын мұқият оқып шыққанын жазған. Президент онда ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған дейді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!