Қызылжарда бір апта бойы іздеуде болған ер адамның мәйіті табылды. Петропавлдың 45 жастағы тұрғыны қаңтар 12і күні үйінен кетіп, із-түссіз жоғалған. Бүгін оның денесі Рабочий кентіндегі жеке үйдің баубақшасынан табылды. Белгісіз біреу бірнеше рет пышақ сұғып, жәбірленуші ауыр жарақаттан көз жұмды. Тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні анықтап, қылмыстық іс қозғады.
ӘДІЛБЕК ЖАРАСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері 69 жастағы күдіктінің ізін суытпай анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық істі объективті зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.