Ақтөбеде картоп тапшы. Қаладағы кейбір сауда орындарында дақыл мүлдем жоқ. Ал тұрақтандыру қоры дүкендеріндегі өнімінің сапасы сын көтермейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Нашар тастай болып қалған. Жаман, қалай аласың. Мынадай ішінде нелері бар. Іріп тұр.
- Нашар мұны алмас едім мен например.
- Картошка мне здесь не нравиться... маған бұл жердегі картоп ұнап тұрған жоқ. Түрі онша емес. Бұл жерден сатып алмаймын. Сыртының бәрі көріп тұрсыз ба қандай, іші іріп жатыр. Сапасыз картоп.
Әлеуметтік дүкендерде картоптың келісі 116 теңгеден сатылып жатыр. Тұрақтандыру қорында қазір 1 жарым мың тонна өнім бар. Тапшылықты жою үшін сауда желілеріне аптасына 100 тонна жөнелтілуде. Өңір тұрғындарының қажеттілігі- 96 мың тонна. Биыл жергілікті өндірішілерден 49 тонна картоп алынған. Бұл сұраныстың жартысын ғана жабады. Сондықтан Ресейден және Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарынан тасымалданады.
ДУМАН ДӘУЛЕТИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Негізі Ресейден келіп тұратын картоп арқасында қазір кішкене әсер біздің бағамызға келіп тұр. Бірақ ол жағын біздер басқа региондармен сөйлесіп , поставка бойынша жұмыс атқарып жатырмыз.