$529.99 €546.63 ₽5.21
×

"Тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынады" - ІІМ

20.01.2025ж. 20:00
84
"Тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынады" - ІІМ

Сәуір айынан бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынады. Сондай-ақ құжатқа қатысты біршама өзгертулер енгізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Жалпы транспортты тіркеу үшін не істеу керек? Қайда бару керек? Толығырақ тілші бейнематериалында.

Нұрсұлтан Дидар үшін мопед -күнкөріс көзі, курьерлік қызмет істейді. Табысы да жаман емес. Бірақ жүргізуші куәлігі жоқ.

НҰРСҰЛТАН ДИДАР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өзімнің жалғыз мопедім бар. Тек күн жылыған кезде ғана айдаймын. Машинаға қарағанда мопедтер жақсы енді экономичный. Жүргізуші куәлік алу дегенде ол өте қиындау мәселе болып тұр. Солай талап қойғаннан кейін амал жоқ алуға тырысамыз енді.

Расымен де, күн жылынса қалада мопед айдаушылар көбейеді. Олардың қатысуымен оқыс оқиғалар да жиі болады. Тізгіндегендердің көбі жол ережесін білмейді, жылдамдықты шектен тыс асырады. Сондықтан жүргізуші куәлігін міндеттеу дұрыс дейді көпшілік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қала үлкен. Машина көп. Права алса, сәл тиімді, түсініп айдайды.
- Иә қолдаймыз. Негізі алу керек. Дорожный движение бәрін білу керек ғой.
- Алғаны дұрыс. Өйткені көп балдар соғысып жатыр ғой. Можеть алса азаятын шығар сондайлар.

Жүргізуші куәлікпен қоса техникалық құжат үшін салық төлегенін растайтын түбіртек болуы қажет. Сондай-ақ, мопедті тіркеу туралы арыз бен оның сипаттамасы жазылған анықтама керек. Сосын мемлекеттік баж төлейді.

АРАЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз.

Алматыда алғашқы мопед ресми түрде тіркелді. Оның иесі техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік тіркеу нөмірін алды.