$529.99 €546.63 ₽5.21
×

Екібастұзда жетімдерге берілген баспаналардың қызығын әлдекімдер көріп келген

20.01.2025ж. 20:00
89
Екібастұзда жетімдерге берілген баспаналардың қызығын әлдекімдер көріп келген

Екібастұзда жетімдерге берілген баспаналардың қызығын әлдекімдер көріп келген. Ал сол пәтерде тұруы тиіс балалар Жетімдер үйін паналапты. Бұндай сорақылықты құзырлы орган өкілдері анықтады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 20-шағын ауданда орналасқан бір пәтерге әйел адам бұрынғы күйеуін орналастырған. Ал өзі онда тұрмайды. Заң бойынша бұл баспаналарда жетім балалар анасымен бірге тұруы тиіс.

ӘСЕМГҮЛ ЖАНГЕЛДИНА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Біз мемлекеттен берілген үйлерді тоқсан сайын тексеріп тұрамыз. Ол пәтерлерді алған адамдар өздері тұрып жатыр ма? Әлде басқа біреуге жалға беріп қойған жоқ па? Деген жағдайды бақылаймыз. Ал пәтеріне басқа адамды тұрғызған әйелге қатысты айтарым үй балалардың атында қалады. Балалар 18 жасқа толғаннан кейін бұл пәтерді қайта ала алады.

Екібастұз әкімдігі үй иесінің баспананы мақсатты пайдаланбағаны үшін және жарты жылдан астам уақыт пәтерде тұрмағаны үшін үйді пайдалану құқығынан айырмақ. Қазір іс сотта қаралып жатыр.

ӘЛІМБЕК АҒЫБАЕВ, ЗАҢГЕР:

Егер пәтерді жалға алушы дәлелді себептерсіз үйде тұрмаса, сондай-ақ, тұрғын үйді бұзудың басқа фактілері анықталған кезде үй жайды пайдаланылу құқығынан айырылуы мүмкін. Мұндай жағдай жалға алушы сот шешімімен пәтерден шығарылады.