Танымал әнші Балжан Бидаш шетелдегі демалысын көрсетіп, серфингпен серуендеу кезінде қиындыққа тап болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі асау толқындарды бағындыра алмағанын айтып, жылап қалды.
“2025 жылы менің өмірімдегі жаңа кезең басталды. Бүгінгі серфингтен кейін осындай түйінге келдім. Осы күнге дейін суда жүзу, велосипед айдау, шаңғы тебу, көлік жүргізуді инструкторсыз үйренген едім. Бірақ серфингтегі сәтсіздікті қабылдай алмадым. Бірінші қадамнан-ақ нәтиже көріп қалғандықтан, маған қатты ауыр болды. Үйрене алмай қалсам деген уайымнан ызаланып жылап қалдым. Бізді қоршаған орта жеңілмеуді үйретеді. Өзімнің қайсарлығымды өзіме дәлелдеп үйреніп қалыппын. Осы табандылығымның арқасында біраз жетістікке жеттім. Асау толқынды бағындыру – өзіңді дұрыс қадағалай білу. Ертең тағы да теңізге барып, серфингпен шұғылданамын. Мен қайсар Балжанды таңдадым. Эмоциялардың тұтқынында болғанды қаламаймын. Бұл саяхат мені жаңа қырымнан танытып жатыр. Өйткені белес – биік, деңгейлер – өзге. Бір рет жеңілу – бәрінен жеңілу емес”, – деп жазды әнші.