2024 жылы елімізде ең көп сатылған көлік анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өткен жылы Chevrolet Cobalt көлігі көп сатылымға ие болған. 26 537 данасы сатылған. Екінші орынға Hyundai Tucson шықты, 22 389 дана, үшінші орында Kia Sportage орналасып, 8 834 көлік сатылды.
Марка бойынша жағдай мынадай: қытайлық көліктердің сатылымы өсіп, басқа брендтердің сатылымы өз орнын сақтап қалған.
Алғашқы ондық төмендегідей көрінеді:
Hyundai – 44 218 дана
Chevrolet – 30 927 дана
Kia – 23 045 дана
Chery – 14 883 дана
Jac – 11 771 дана
Toyota – 11 045 дана
Haval – 10 983 дана
Jetour – 9 507 дана
Changan – 8 510 дана
Geely – 8 252 дана