$529.99 €546.63 ₽5.21
×

Қытай жылан жылын қарсы алуға дайындалып жатыр

AstanaTV
21.01.2025ж. 09:36
39
Қытай жылан жылын қарсы алуға дайындалып жатыр

 Қытай тұрғындары 29 қаңтарға қараған түні жаңа жылды, яғни «Чуньцзе» (көктем мерекесін) қарсы алады. Биыл «Чуньцзе» мерекесі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енді. 

Қытайда «Чуньцзе» басталардан екі апта бұрын әлемдегі халықтың маусымдық көші-қон басталды. Ол «Чунюнь» (көктемгі саяхат) ай күнтізбесі бойынша дәстүрлі қытайлық Жаңа жылға арналған ұлттық мерекелермен байланысты. Бұл күні жүздеген миллион тұрғын дәстүр бойынша Қытай аймақтарындағы жақын туыстарына барады. 

Әдетте, осы уақытта туристік және аймақаралық жолаушылар ағыны айтарлықтай өседі.

«Көктемгі саяхат» маусымы 22 ақпанға дейін жалғасады.

Биыл Қытай билігі ел бойынша рекордтық 9 миллиард аймақаралық жолаушылар саяхатын болжап отыр. Жұрттың дені автомобильмен жүреді (7,2 млрд), 510 млн-нан астам адам теміржолмен қатынайды, ал Қытайдың азаматтық авиациясы 90 млн жолаушыға қызмет көрсетуге дайын. 

Биыл Қытай үкіметі көктем мерекесінде шетелдік азаматтар үшін визасыз транзит саясатын айтарлықтай жеңілдетті. Осылайша визасыз транзитке құқығы бар шетелдіктердің (54 елдің азаматтары үшін жарамды) ҚХР аумағында болу мерзімі бастапқы мерзімнен 72 және 144 сағаттан 10 күнге дейін ұзартылды. 

Жаңа жылдық каникул кезеңінде ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (СУАР) тау шаңғысы курорттарына билеттерді брондау саны 60%-ға артты. 

Биыл Қытайда жаңа жылдық демалыс 28 қаңтардан басталып, 8 күнге созылады. Дәстүрге сәйкес, ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеуге дайындық бір апта бұрын «кіші Жаңа жылдан» басталады, ал мерекенің алдындағы күн сайынғы дәстүр қатаң түрде жоспарланған.

Әрине, қазір ҚХР азаматтары бұл тәртіпті ұстанбайды. Алайда, «Чуньцзе» мерекесіне дейін, әдетте, үйді тазалау және өткен жылдың сәтсіздігімен байланысты барлық «ескі дүние-мүлік, заттардан құтылу әдеті бар. Ересектер балалармен бірге терезелерге ілінген қызыл қағаз үлгілерін қиып алады, үйдің кіреберісін шамдармен безендіреді, жаңа жылдық тілектер жазып, үйдің есіктеріне іліп қояды.

Жаңа жыл қарсаңында бүкіл отбасы мерекелік дастарханға жиналады. Қытайлықтар үшін бұл маңызды және салтанатты сәт. Солтүстік Қытайдағы мерекелік үстелдің басты дәмі — тұшпара. 

ҚХР астанасының тұрғындары мен қонақтары үшін мереке апталығы кезінде саябақтарға және басқа да ашық туристік орындарға кіру тегін, сондай-ақ Бейжіңнің қала маңындағы аудандарына жедел жолдармен тегін жету мүмкіндігі бар.

«Чуньцзе» мерекесі кезінде дәстүрлі биді (арыстандар мен айдаһарлардың билері) тамашалауға және Қытай тұрғындары арасында «ғибадатхана жәрмеңкелерінен» кең ассортименттегі жергілікті тағамдардың дәмін тату кеңінен танымал. 

Дәстүрге сәйкес, ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл басталғаннан кейінгі алғашқы үш күнде шаш жууға және қиюға болмайды, өйткені бұл «байлықтың жоғалуын» білдіреді, үйді де осы дәстүрге сүйеніп жинап, тазалау керек. 

Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл жыланның қамқорлығымен өтетін 29 қаңтарға қараған түні келеді. Қытайда Жаңа жылды тойлау екі аптаға созылады және шамдар мерекесімен аяқталады («Юаньсяоцзе»).

Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл — «Чуньцзе» өткен жылдың желтоқсанында ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұралардың тізіміне енгізілді.

Бұл туралы kaz.inform.kz жазды.